«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің», – дейді қазақ. Иә, жоқ-жітікке қарасу, жылағанды жұбату, сүрінгенді сүйеу, мұқтаждардың талған өзегіне талғажау табу – халқымыздың бойында ежелден қалыптасқан қасиет. Адам бар жерде тұрмыстық түйткілдердің тумауы мүмкін емес.
Осындан игілікті іс "Бірлікустем" мешітінде жасалды. Кәсіпкер бауырымыз бір бас қой сойып, мешіт имамдары оны 6 мұқтаж отбасыға таратып берді. Қайрымдылыққа алынған малдың құны 55 000 теңге тұрады.
Елі үшін қолғанат бола білетін игі жандар көп болсын!
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі