Хакім Абай «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деген. Ұлы шайырдың бұл сөзін ойшыл Шәкәрім «Шын таза жан тазалықпен, Тәңірісіне бармақ ол» деп қуаттайды. Ғасырлар бойы ұлы даламызда салтанат құрып келе жатқан ислам дінінің қадір-қасиеті адамзат баласы үшін басты құндылық. «Алланы бір, Пайғамбарды хақ, Құранды шын» деп таныған ата-бабаларымыздың аманатына адалдық таныту – бүгінгі міндет.
Алайда, қазіргі кезде дін төңірегінде түрлі дау-дамайдың, пікірталастың көбейіп кеткені жасырын емес. Әрине танымға талас жоқ. Бірақ елдің ішін алатайдай бүлдіріп, өзінің әр жерден естіген, көрген нәрселерін дінге әкеліп таңғысы келетіндер әлі де бар. Сол теріс бағытты ұстанатындардың мақсаты қандай, сенім тұрғысында адасқан тұстары қайсы деген сұрақтарға жауап беру үшін "Әбу Бакір ас-Сыдық" мешітінің имамы Бақыт Нұрлыханов аудандық кітапхана ұжымымен кездесіп қайтты.
Қызметкерлердің сұрақтарына жауап беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі