"Бірлікустем" мешітінің имамдары Алла үйінде діни ілім алып, дәріске қатысып жүрген балаларға "Күнтубаба" және "Хати Сауранбаев" мешіттерін аралатты.
Көрікті мешіттерді көріп, оның тарихымен, имандылық дәрістерімен таныссын, көрсін деген мақсатта мешіт молдасы Жетпіспай Әлімбеков бастап барды.
Бүгінгі ұрпақ ол – еліміздің болашағы. Біздің алға қойған мақсатымыз –қазіргі қоғам мұратына сай жан-жақты жарасымды тұлға өсіру .Ұрпағымызға дұрыс тәрбие бере алсақ, оның жан дүниесі де дұрыс қалыптасып жетіледі, яғни бойына жақсы қасиеттерді сіңіріп өседі. «Ұрпақ тәрбиелі болса, сол ұлттың болашығы да жарқын болмақ» - демекші, «Баланы жастан» деп халқымыз бала тәрбиесін әріден бастау керектігін де айтып кеткен.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі