#Шу мешіттері жетім балаларға баспана сыйлады

#Шу мешіттері жетім балаларға баспана сыйлады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Жетім көрсең, жебей жүр" дейді дана қалқымыз. Осы ұранмен Шу ауданы Қонаев ауылында 4 ағайынды жетім балаларға үй берілді.  Ата-анасынан айырылған бауырларға қарасып, баспана беру мәселесін Шу ауданына қарасты ауыл мешіттері бірлесе қарастырды. 

Балаларды қорғау күніне тұспа-тұс келен қуанышты іс-шараға ауыл жиналып, үлкендер лентасын қиып, апалар шашуын шашты.  

 Көпшілік дәмнен ауыз тиіп, имамдар дұға жасап, қариялар батасын берді. Айта кету керек, аталған баспана 5 млн теңгеге сатып алынды. Көпшілікпен жиналған 4 млн қаражатты "Әбу Бәкір Сыддық" мешіті 1 млн теңге қосып толықтырыпты. Бұл игілікке ауыл тұрғындары мен қатар демеушілер белсене атсалысты. 

Ауыл мешіттері үй кілтін табыстау салтанатына сыйға тартар кілемдерін де ала келді.

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: