#Шу имамдары балаларды "1 маусым - Балаларды қорғау күнімен" құттықтады

#Шу имамдары балаларды "1 маусым - Балаларды қорғау күнімен" құттықтады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Шу ауданының бас имамы Бахтияр Амиреев бастаған мешіт имамдары балабақша, мектептерді аралап, балдырғандарды мерекесімен құттықтап, сыйлықтар тарту етті. 

Ақсу ауылы "Бөбек" балабақшасына барып тәттілер тарту етсе, "Бірлікүстем" мешіті балабақшаға 2 кілем сыйға тарту етіп, сонымен қатар балабақшаның 50 баласына тәттілер таратты.

Сондай-ақ, мешіт молдасы Жетпісбай Әлімбековтың ұйымдастыруымен "Бірлікүстем" мешітінде дәріс алып жатқан балаларға мешіт атынан тәтілер, сусын берілді. Ал ауылдың жомарт азаматты балаларға 10 дана "Мұғалим сани" әліппесін және балмұздақ сыйлады. 

Сауытпек ауылы "Асайын кәлпе" мешітінің имамы Шаттық Жексенұлы Алға мектебінің жанынан ашылған "Күншуақ" орталығының бүлдіршіндеріне өз қаражаты есебінен тәтті сусын мен шоколадтар тарту етті.

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: