#Т.Рысқұлов: Балаларды қорғау күні аталып өтілді

#Т.Рысқұлов: Балаларды қорғау күні аталып өтілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Рысқұлов ауданына қарасты Каменка ауылында орналасқан  мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту және бейімдеу орталығында балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған «Балалар - бейбіт елдің тірегі» атты мерекелік іс-шара өтті. Бұл іс-шараға Рысқұлов ауданының бас имамы Джадраев Сұлтаншәріп қажы арнайы барып қатысып, жүрекжарды лебізін білдіріп, балаларға сый-сыяпат жасады. Іс-шарада балалардың көңілін көтеру үшін мерекелік әндер шырқалып, билер биленді.

  Әлемнің көп елдері 1 маусымды Халықаралық балалар күні деп атап өтетіндігіне қарамастан, кейбір елдерде басқа күндері де мерекеленеді екен. ”Халықаралық балалар күні” Малайзияда қазан айының соңғы сенбісі күні, Оңтүстік Кореяда мен Жапонияда 5 мамыр күні, Сингапурда 1 қазан күні, Түркияда 23 сәуір күні тойланады. Ал Африкада балаларын қорғау күні 16 маусымға белгіленген.

 Қуаныш Түзелбеков

Рысқұлов аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: