ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша "Халал Даму" ұйымының өкілі Нұрматжан Миразизов пен технолог Абылай Ғабитұлы Тараздық шұжық өнімдері цехтарына жоспардан тыс тексеріс жүргізді.
Өнімдерін сақталуын, жеткізілуі және құжаттары тексерілді. Болашақта бірігіп жұмыс жасауға шақырып, қандай да бір келеңсіз жағдайда өнімдерге қатысты "Халал Даму" ұйымының өкілдерімен ақылдасу арқылы әрекет жасау ұсынылды.
Жоспардан тыс тексеру "Азимов Азим" ЖК, "Ақ-Ниет" ЖК кәсіпорындарында жүргізілсе, жоспарлы түрдегі тексеріс "Иштаев" ЖК, "Касымова Лола" ЖК, "Марьям" ЖК, "Каракесеков" ЖК өндірістерінде өткізілді.
Мамандардың сөзінше аталған кәсіпорындар "Халал Даму" стандарттына сәйкес екендігіне көз жеткізіліп, басшылық жұмыстарына оң баға берілді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі