"Әулие-ата Феникс" кәсіпорны жоспарлы тексеруден өтті

"Әулие-ата Феникс" кәсіпорны жоспарлы тексеруден өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Халал ас - Алланың әмірі болғандықтан "Халал" сертификатын алған кәсіпорындар үздіксіз тексеріс үстінде. Бүгін ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша "Халал Даму" ұйымының өкілі Нұрматжан Миразизов пен технолог Абылай Ғабитұлы жоспарлы түрде "Әулие-ата Феникс" цехында тексеріс жұмыстарын жүргізді.

Мамандар тауық өнімдерін сапасын қадағалау мақсатында оның дайындалу, сойылу, жеткізуі бойынша толықтай тексеріп шықты.

Құстарды тамақтандыру бойынша жеке тексерістер өткізілді. Өйткені тауық етінің адал болмағы оның жеген асына да байланысты дейді мамандар. Тауық еті өнімдерінен қалған қалдықтар жағына мұқият болу тапсырылды. Тексеру комиссиясының мәліметіне сай, өндіріс орнында жұмыс жүргізу жүйесі жақсы қамтылған.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: