Облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің әйелдер сауат ашу курсының дәрістері өз мәресіне жетті. Биылғы оқу жылын тамамдаған шәкірттерден арнайы емтихан алынды.
Сынақты ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Әйел-қыздар секторының жетекшісі Нұргүл Алиханқызы бастаған ұстаздар қабылдады.
Шәкірттер Құран, әдеп, сенім, ғибадат, тәжуид сынды пәндер бойынша сұрақтарға жауап берді. Емтихан ауызша және жазбаша билет түрінде өтті.
Сынақ нәтижесіне сай шәкірттер емтиханан сүрінбей өтіп, осы оқу жылын өз 1, 2, 3 деңгейге сай тамамдап, сертификаттармен марапатталды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі