Жамбыл ауданы Бесағаш ауылында ауыл жастары мен «Бесағаш» мешітінің жамағаттарының ұйымдастыруымен тұрмыс – жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік себеттері және де қаржылай көмек көрсетілді.
Аталған шара жиырма бір отбасыны қамтыды. Атап айтқанда, он тоғыз отбасыға азық-түлік себеттері үлестірілген болса, екі отбасына қаржылай көмек берілді. Мешіт жамағаты мен ауыл жастары бірлесе отырып атқарған шараға 323 мың теңге қаржы жұмсалған. Көмек алған отбасылар ауыл имамы мен мешіт жамағатына өз алғыстарын жаудырды.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі