#Шу: ТҮЛЕКТЕРДІҢ АУЫЛ МЕШІТІНЕ ТАРТУЫ

#Шу: ТҮЛЕКТЕРДІҢ АУЫЛ МЕШІТІНЕ ТАРТУЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Белбасар ауылы "Хати Сауранбай" мешітінде 1982 және 2002  жылғы түлектер жиналып, ас берді. Осыдан 20, 40 жыл бұрын мектептен түлеп ұшқан түлектердің бірі қазіргі кезде әр түрлі салада қызмет етуде.

Дәмнің айдауымен ауылынан алшақ кеткендері де қаншама. Бір сабақ инені болсын туған жерге тарту еткісі келген сол азаматтар ауыл мешітінде құран оқытып, тұрғындарға дастархан жайды. Сонымен қатар мешіт асханасына ыдыс-аяқтарды тарту етті. Ауыл имамы Тилемисов Бақыт жиналғандарға жақсы әңгімелер айтып, жақсылықта жарысуға шақырды.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: