#Қордай: Әсерлі уағыз әсерін береді

#Қордай: Әсерлі уағыз әсерін береді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Нұралы Бақытұлы Қордай мешітінің жамағатына уағыз жүргізді. 

"Ері мен әйелінің бір-бірінің алдындағы міндеттері" тақырыбында өрбіген насихатты мешітке келген жамағат ұйып тыңдады. Көпшілік өз көкейкесті сұрақтарын қойып, мардымды жауаптар да алды.

Имам: "Шаңырақ көтерген әрбір мұсылман ер мен әйел сол ошаққа жауапты екендіктерін терең сезініп, ислам дінінің бұйрықтары шеңберінде отбасын құруға міндетті. Бұған өмірлік қол ұстасқан жастардың екеуі де жауапты. Дініміз бекіткен өміршең қағидаларды сақтап, әркім өз міндеті мен жауапкершілігін біліп, соны атқаруға талпынғанда ғана отбасының түтіні түзу шығып, шаңырақта шаттық орнайды. Қасиетті Құран Кәрімнің Бақара сүресінің 228-аятында: «Ерлердің әйелдерде ақысы болғаны секілді, әйелдердің де ерлерде жақсылықпен өтелетін ақылары бар. Сонымен қатар, ер адамдар (міндеттері мен жауапкершіліктеріне орай) бір саты жоғары тұрады. Алла өте үстем, асқан дана» – деп, әйел мен еркектің бір-бірінің алдында міндеттері, жауапкершіліктері бар екенін жалпылай білдірген"- деп атап өтті сөзінде. 

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: