#ШУ: ТҮЛЕКТЕР АУЫЛ МЕШІТІН ЖӨНДЕУГЕ ЖӘРДЕМ БЕРДІ

#ШУ: ТҮЛЕКТЕР АУЫЛ МЕШІТІН ЖӨНДЕУГЕ ЖӘРДЕМ БЕРДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алға ауылында 2002 жылы мектеп бітірген түлектер Амангелді мешітіне қайырымдылық көмек жасады. Мектеп бітіргендеріне 20 жыл толған түлектер өз қалталарынан қаражат салып, аталған мешіттегі баспалдақтың үстін жауып берді. Қосымша жөндеу жұмыстарынан кейінгі мешіттің ажары ашылып, бұрынғы қалпынан да көркие түсті. Алдымен Алла үйіне қайырымдылық жасауды ойға алған ауыл азаматтарының істеріне Алла береке берсін дейміз. Құрылыс жұмыстарынан бөлек түлектер ауыл тұрғындарына ас беріп, құран оқытты.  Мешіт имамы Абубакр Абраймов түлектердің алдағы тірліктеріне табыс тілеп, жасаған жақсылықтарын алғысын білдірді.

-Бұл бірінші кезекте өзімізден кейінгілерге үлгі болып, ауылымыздың көркеюіне азда болса атсалысайық деген ниетіміз болатын,-дейді түлектер.     

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: