ҚМДБ-ның Жуалы ауданы бойынша бас имамы Асхат Аманжолұлы аймақтағы діни ахуалды бақылау мақсатында Жуалы ауданына қарасты Ақсай ауылдық округіне қарасты«Дихан» мешітіне арнайы барып жұма намазын оқып, жамағатпен кездесті.
Қасиетті жұма күні ауылдық «Дихан» мешітіне намаз оқуға келген жамағатқа «Уақып – сарқылмас қазына» тақырыбында уағыз айтып тақырып турасында баяндады.
Қасиетті жұма намазына келген көпшілікке осы мешіттің имамы Ермекбайұлы Жәнібек келген мейманды жамағатқа таныстырып өтті.
Сонымен қатар, аудан бас имамы Асхат Аманжолұлы ауыл тұрғындары мен жамағаттармен жүздесіп, ауылдың тыныс-тіршілігін көріп, алдағы уақытта ауыл имамы Жәнібек Ермекбайұлына атқаратын шаралардың көп екендігін айтып өтті.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметті.