#Қордай: Қыз сұлулығы - иманда

#Қордай: Қыз сұлулығы - иманда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай аудандық мешітінде ҚМДБ Жамбыл облысы бойынша Әйел-қыздар секторының Қордайдағы жауапты маманы Эльмира Есімқараеваның ұйымдастыруымен "Қыз бала сұлулығы - иманда" атты рухани кеш өтті.

 Іс-шараға мешіт шәкірттері мен жамағат қатысты. Жиын қасиетті Құран кәрім аяттарын оқумен ашылды. Ұстаздар уағыз айтса, шәкірттер имандылық, қыз тәрбиесі туралы хадис-аяттар мен нақыл сөздерді жатқа айтты. 

Қыз баласының әдебі, өзін-өзі ұстауы, білімділігі тілге тиек болып, шара соңында ақ жаулықты әжелер батасын берді. 

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: