РАНТ мүшесі, облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Нұралы Бақытұлы Қордай аудандық мешітінде жұма намазын өткізді.
Білікті уағызшының насихатын тыңдауға мыңнан аса жамағат жиналды. "УАҚЫП – САРҚЫЛМАС ҚАЗЫНА" тақырында айтылған уағызды көпшілік ұйып тыңдады.
Имам: "Уақып – ол зекет емес. Оның зекеттен айырмашылығы зекет – парыз, ал уақып – парыз емес, сүннет амал. Зекетте нисап мөлшері бар. Ал уақыптың белгілі бір мөлшері жоқ. Зекет жылына бір рет берілсе, уақыптың мерзімі бекітілмеген. Адамның өз еркіндегі нәрсе болғандықтан, адам өзі қалағанынша уақып етеді. Зекетке берілетін ақшаны айналымға сала алмайсыз, бірден 8 топтағы адамға таратып беруіңіз керек болады. Ал, уақыпта қаржыны айналымға салуға болады. Мәселен, уақып еттім деп біреу он қой берсе, оны бірден таратып жібермей, қой санын көбейтіп, көбейгенін садақаға беруге болады" - деп ара-жігін ажыратып берді.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі