Көмекке әрдайым жаны құштар Меркі аудандық орталық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлы тағдыр тәлкегіне ұшыраған, жол апаты себепті арбаға танылған Сағынай бауырымыздың тұрмыс тіршілігімен танысып, сый-сияпатымен зиярат етіп қайтты.
Сағынай осыған дейін Қызылсай ауылдық мешіттің имамы қызметін атқарған болатын. "Жазмыштан озмыш жоқ" демекші кезекті өз қызметін атқарып үйіне орала бергенде мінген көлігі жол апатына ұшырап, арбаға танылған болатын. Азамат Берікұлы Сағынайдың атқарған қызметін, білімін әрдайым еске алып, қолынан келген көмегін көрсетіп келеді.
Сағынай бауырымыз бас имамға ризашылығын білдіріп, батасын берді.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі