Меркі ауданы, Сыпатай батыр ауылдық мешітінің имамы Абдуманап Дулат Сыпатай ауылдық мектеп оқушыларымен кездесіп, "Дін - тәрбиенің рухани тірегі" тақырыбында уағыз-насихат жүргізді.
Абдуманап Дулат кездесу барысында Ислам діні жайлы түсіндіріп, діндегі бала тәрбиесіне тоқталып өтті. Ислам діні адамзат баласының бүкіл өмірін қамтитындығын айтып жеткізді.
Кездесу соңында оқушылар сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі