Пайғамбарымыздың (с.а.у.) немересі

Пайғамбарымыздың (с.а.у.) немересі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Хазіреті Мұхаммед Бақыр әһли бәйіттен (пайғамбарымыздың ұрпағынан) хазіреті Хусейннің (р.а.) немересі және үлкен ғалымдардан болған.

Бір күні сахабалардан хазіреті Жабирдің (р.а.) жанына барады. Хазіреті Жабирдің (р.а.) кәрілік хәлімен көздері көрмей қалған еді. Мұхаммед Бақырдың сәлемін алғаннан кейін «Сен кімсің?» деп сұрады.

–Мұхаммед бин Әли бин Хусейнмін.

–Ей, Расулаллаһтың немересі, жаныма кел! Мүсафаха (қолын алып) жасап көріскеннен кейін:

–Расулаллаһ маған айтқан еді: «Ей, Жабир! Сен менің балаларымның біреуін көріп сөйлескенге дейін өмір сүресің. Баламның аты Мұхаммед бин Әли бин Хусейн. Алла Тағала оған нұр және хикмет береді. Оған меннен сәлем айт!»

Хазіреті Жабир аманат болған бұл сәлемді иесіне жеткізгеннен кейін біраз күннен соң қайтыс болды. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: