ҚМДБ-ның Жуалы ауданы бойынша бас имамы Асхат Аманжолұлы аймақтағы діни ахуалды бақылау мақсатында Жуалы ауданына қарасты Көлтоған ауылдық «Тұрысбаба» мешітіне арнайы барып жұма намазын оқып, жамағатпен кездесті.
Қасиетті жұма күні ауылдық «Тұрысбаба» мешітіне намаз оқуға келген жамағатқа «Пара алу да, беру де - күнә» тақырыбында уағыз айтып тақырып турасында толғанды.
Насихаттан бұрын осы мешіттің имамы Әсет Сабырбекұлы келген мейманды жамағатқа таныстырып өтті.
Сонымен қатар, аудан бас имамы Асхат Аманжолұлы ауыл тұрғындары мен жамағаттармен жүздесіп, ауылдың тыныс-тіршілігін көріп, алдағы уақытта ауыл имамы Әсет Сабырбекұлына атқаратын шаралардың көп екендігін айтып өтті.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.