Меркі ауданы: Қабір басына тазалық жүргізілді

Меркі ауданы: Қабір басына тазалық жүргізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ежелден келе жатқан дәстүрге сай үлкенді сыйлап, кішіге ізет, өткенге құрмет көрсетіп келген халықпыз. 

Меркі ауданы, Мыңқазан ауылы «Сиқымбай ата» мешітінің имамы Бейсенов Русланның ұйытқы болуымен ауылдық қабір басына тазалық жұмыстары жүргізілді.

Барша халық бір кісідей атсалысып зират басын тазалап, ағаштар отырғызылып, сенбілік өткізілді. Бұған мешіт жамағаты, ауыл адамдары белсене атсалысты. Қабір басын тазалаған соң дастархан жайылып, ауыл имамы марқұмдарға Құран оқып, дұға жасады.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: