#Шу: АУДАНДЫҚ «ЖӘМИ» МЕШІТІНДЕ КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

#Шу: АУДАНДЫҚ «ЖӘМИ» МЕШІТІНДЕ КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бұған дейінгі жазбаларымызда белгілі дінтанушы, имам Нұрлан Байжігітұлының ауданымызға жасаған сапары туралы айтқан болатынбыз. Қонағымыз сапарының соңында аудандық «Жәми» мешітінің жамағатымен жүздесіп, түрлі тақырыптарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда адам бойындағы ең құнды қасиет-көркем мінез туралы кеңірек тоқталып, хадистерден мысал келтірді. Сонымен қатар рухани бас қосу барысында жамағатпен сұрақ-жауап ұйымдастырылып, жергілікті тұрғындар сауалдарына тұшымды жауап алды.

Кездесу соңында ауданымыздың бас имамы Бахтияр Амантайұлы қонағымызға алғысын жаудырып, жақсылықтар мен игіліктер тіледі. Баршаңызға белгілі Нұрлан Байжігітұлы бүгінде инстаграм, тик ток әлеуметтік желілерінде халық арасында кеңірек танылған имамдардың бірі.     

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: