Меркі ауданы: Бейбітшілік пен келісім

Меркі ауданы: Бейбітшілік пен келісім

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітініде Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы мен ҚМДБ-ның Жамбыл облысы өкілдігі бірлесе отырып, «Бейбітшілік пен келісім» атты жиын өткізді.

Іс-шараға Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Нұрлан Есімов, «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Ғалымбек Жапек және Меркі ауданының бас имамы Азамат Берікұлы қатысты.

Жиынға  Меркі, Құлан, Қордай, Мойынқұм және Шу аудандарының имамдары қатысты.

Өз кезегінде Нұрлан Есімов жиынды аша отырып, бейбіт диалог мәдениетін қалыптастыру қазіргі заманның негізгі құндылық бағдарларының біріне айналатынын атап өтіп, орталықтың жұмысы туралы хабардар етті. Орталықтың әлемдік және дәстүрлі діндер және әлемдік қоғамдастықтың келісім мен толеранттылық, өзара түсіністік пен ынтымақтастық қағидаттарын нығайту бойынша ел ішінде де, сол сияқты халықаралық деңгейде де ерекше орын алғанын атап өтті.

Жиын мақсаты конфессияаралық және өркениетаралық диалогты халықаралық деңгейде ілгерілетудің, сондай-ақ бейбітшілік пен өзара түсіністік мақсатында этносаралық және дінаралық келісімді талап ететін өңірлік қақтығыстарды шешу тұрғысынан маңыздылығын атап өтті.   

Жиын соңында, имамдар өз сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.

Меркі ауданының бас имамы Азамат Берікұлы имамдардың батасын алу мақсатында, келген қонақтарға арнайы ас әзірлетіп, дастархан жайып күтіп алды. Мұндай құрмет көрген имамдарымыз өз ризалықтарын білдіріп, аудан имамына баталарын берді.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: