Ақыретте адамдардың бойы қандай болады?

Ақыретте адамдардың бойы қандай болады?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бұл мәселе жөнінде былай айтылған сенімді хадис бар: «Алла Тағала Адамның бойын алпыс шынтақтай мөлшерде жаратқан. Жұмақ мекендеушілерінің де бойлары осындай болады» (Бұхари, Анбийа, 1). Келесі бір хадисте былай айтылған: «Алла Тағала Адамның бойын алпыс шынтақтай мөлшерде жаратқан. Адамды жаратып болған соң оған Алла: «Бар да отырған періштелерге сәлем бер. Олардың саған қалай жауап беретінін мұқият тыңда, өйткені бұл сенің және сенің ұрпағыңның сәлем беруі мен сәлемге жауап беруінің үлгісі болмақ», - деп тіл қатады.

Адам періштелерге келіп: «Әссаләму әлейкум», - деп сәлем берді, ал періштелер: «Әссаләму әлейкум уа рахматуллаһ», - деп жауап береді. Адам - күллі адамзаттың арғы тегі болып табылатындықтан, Жұмаққа кіретіндердің әрқайсысы оған ұқсас болады» (Мүслим, Жәннәт, 28).

Бір шынтақтың ұзындығы шамамен 0,5 метрге тең, ал 60 шынтақ – 30 метрге тең. Мұның шынайы мән-мағынасын тек Алла Тағала ғана біледі. Мұндай өлшемдерге біз үйренбегендіктен, бізге таңсық болып көрінеді, алайда қазіргі адамдардың бойы осындай болғанда – бұл үйреншікті нәрсе болар еді. Ақыреттегі өмір тек Аллаға аян әрі бәрі Бір Оның қалауымен ғана болады. Демек, Алла қалай қаласа, адамдардың бойы сондай болады. Сол себепті Алла Тағаланың іліміне иман келтіріп, нақты бір пайымдаулар айтып, түсіндірмелер жасаудан аулақ болған жөн.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: