Ораза айтта 600 балаға көлемді сыйлық жасалды

Ораза айтта 600 балаға көлемді сыйлық жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қуантсаң, баланы қуант – ақылына сәуле түссін. Сәулелі ақыл – алысқа жетелейді, биіктерді бағындырады. Балаларымызға дінді танытып, ең ұлық мейрам айт мерекесін сағына қарсы алатындай, жақсы көріп күтетіндей, әрі қандай мейрам екенін жадыларында сақтап жүретіндей көңіл күй қалыптастыру мақсатында Жамбыл облыстық "Һибатулла Тарази" мешіті мен жамағаттың ұйымдастыруымен айт сыйлығы таратылды. 

Айттың құрметіне балдырғандар бас киімнен бастап, аяқ киімге дейін киінді. Сонымен қатар "Жеңіс" саябағындағы аттракциондарға тегін билет алды. Шараға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев бастаған имамдар мен белсенді жамағат қатысып, балаларға сыйлықтарды үлестірді. 

Бір ерекшелігі шараға тек Тараз қаласында тұратындар ғана емес, бүкіл облыстың балалары қамтылды. Атап айтсақ, Байзақ ауданынан 150 бала, Жамбыл ауданынан 60 бала, Тараз қаласынан 200 бала, Құлан ауданынан 30 бала тағыда басқа аудандардан 170-тей бала киіммен қамтылды. 

Су жаңа киімдерді белсенділер арнайы өздері барып таңдап, сапалысынан алды. Ауқымды шараға  3 миллион қаражат жұмсалды. 

Ерекше көңіл күйді қалыптастырған шараның деңгейін балалардың жүзіндегі нұрдан-ақ байқауға болады. Сыйлық табыстау сәттерін арнайы дайындалған төмендегі видеодан көріңіздер.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі



ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: