Қасиетті Рамазанның аяқталғанын білдіретін мейрамда, жүрекке мейірім, қуаныш сезімі ұялайтын сәулелі мереке.
Ораза айт – отбасылық мереке. Мейрам күні сыйлық беріп, қуанышқа бөлеу – сауапты іс. Көмекке мұқтаж адамға қайырымдылық жасау да сауабы мол амалдың бірі.
Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылына қарасты "Толымбай тегі Зиябек" мешітінің ұстазы және аудан имамы Асхат Аманжолұлының игі бастамасымен Қасиетті Ораза айт мерекесі қарсаңында 50 жас бүлдіршін балаларға арнайы сыйлықтар дайындады.
Мешітке келген қыз-келіншектерді және бүлдіршін балаларды Асхат Аманжолұлы айт мерекесімен құттықтап, батасын берді.
Ұстаз Жазира Полатқызы арнайы дайындалған тәтті салынған қорапшаларды сән-салтанатымен бүлдіршін балаларға таратты. Соңынан мешіт бастырмасында мерекелік жайылған дастарханда бас қосты.
Үлкен қорапқа салынған азықтарды алған отбасылар алғыс білдіріп, үлген қариялар батасын берді.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.