Тараз қаласы: Біреу – біреуге сүйеу

Тараз қаласы: Біреу – біреуге сүйеу

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

   «Барыңмен бөліс!» деген ұстанымды өзгермес қағидаға айналдырған «Құлбай баба» мешітінің имамдары жиі-жиі қайырымдылық шараларын ұйымдастыруды өздерінің міндеті санайды. Ораза айт мерекесі күні «Құлбай баба» мешітінің имамы  Амангелді Ембергеновтің басшылығымен айттық қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылып, 14 мұқтаж отбасыға мешіт атынан азық-түлік таратылды.

Әрбір жанұяға мешіт имамы арнайы барып, мерекемен құттықттап, азық-түлік толы пакеттерді өз қолымен табыстап қайтты. Мешіт тарапынан жетім-жесірлерге, көпбалалы отбасыларға, айналадағы мұқтаждарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға тұрақты түрде көмек көрсетіліп келе жатыр. Осы жолғы жұмсалған қаражат 110 000 теңгені құрайды.

   Қайырымдылық көмекті алған отбасылар имамға шексіз алғыстарын жеткізді.    

 «Құлбай баба» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: