Қордай ауданы, Қордай ауылдық "Рахман" мешітінде Ораза айт мерекесіне орай Діни сауат ашу курсы шәкірттері арасында Құран Кәрімнен сайыс өтті.
Жүзден жүйрік шығып, 1, 2, 3 орын алған шәкірттерге велосипед сыйға тартылды. Ал өзге де үздік қатысушыларға ауданның бас имамы Асқар Зәкіржанұлының атынан арнайы алғыс хаттар табысталды.
Сайыс соңы мерекелік іс-шараға ұласып, мешіт ауласында айт мерекесі тойланды. Дастархан жайылып, көпшілік ас үстінде бас қосты. Түрлі ұлттық ойындар ойнатылып, жүлдегерлер жүлделерін қанжығаларына байлап қайтты.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі



15 Қаңтар 2026
26 Раджаб 1447

