#Қордайлықтар Ораза айт мерекесін тойлады

#Қордайлықтар Ораза айт мерекесін тойлады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданында ұлық мереке Ораза айт жоғары деңгейде өтіп, шат-шадыман тойланды. Мешіт ауласына ақ дастархан жайылып, қымыз, шұбат, шоры, құрт, ірімшік, құрма қойылып, айт намазына келгендер сүннет бойынша дәм ауыз тиіп намазға кірді. 

Мерекелік намазға келгендердің көптігі сонша мешіт іші, ауласы лық толды. Көпшілік жамағатпен бірге айт намазын ерекше ықыласпен оқып, бірлесе дұға жасады. Ауданның бас имамы Асқар Зәкіржанұлы көпшілікке айт мерекесі туралы насихат айтып, жамағат бірін-бірі ұлыстың ұлық күнімен құттықтады. 

Аудандық Қордай мешітінің ауласында ұлттық ойындар жүргізіліп, жеңімпаздар жүлделі болды. Қол күрес, ләңгі тебу, арқан тарту сынды ойындар бойынша қатысушылар діни кітаптар мен қаржылай сыйлықтар арқылы марапатталды. Ал балалар үшін арнайы батут құрылып, мерекелік көйіл күй еселенді. 

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: