#Меркі ауданы: Қайырымдылық өз жалғасын табуда

#Меркі ауданы: Қайырымдылық өз жалғасын табуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Берекелі Рамазан айының аяқталғанына да санаулы күндер болды. Рамазан айына қайырымдылық жасаушылардың саны күрт өсетіні анық. Сауабы еселенетін айда әркім өз жағдайына қарай, бірі кәсіптерінің берекесін тілеп, енді бірі Алла алдындағы зекетін осы Рамазан айына туралап қайырымдылық жасап жатады. Алла ниеттерін, амалдарын қабыл етсін.

Ғалымдарымыз Рамазан Рамазаннан кейін басталады деген екен. Бұның сыры мынада, Рамазандағы намазымыз, садақаларымыз, құран оқуларымыз және тағы басқада құлшылықтарымыз Рамазаннан кейін де жалғасуы керек. Сол кезде өткен Рамазандағы құлшылықтарымыздың зая кетпегендігін, қабыл болып жатқандығын көреді екенбіз.

Осы мақсатта, Меркі аудандық «Меркі ата» мешітіне бір мұсылман бауырымыз қайырылып, өз жағдайы асып-тасып тұрмасада, жағдайы төмен отбасыларға қайырымыдылық жасағысы келетінін жеткізген болатын. Мешіт бас имамы Азамат Берікұлы қайырымыдылықтың сауабын айтып, ниетінің қабыл болуын тіледі.

Қайырымдылық 4 отбасын қамтып, күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік пен тәттілерді қамтыды.

Алла Тағала бауырларымыздың ниеттерін қабыл еткей!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: