Барлық мұсылмандар үшін қасиетті Ораза Айт мерекесі қарсаңында Меркі ауданы, Станция кенті «Жүніс молда» мешітінің имамы Қасымалиев Дастанның бастамасымен жағдайы төмен, көп балалы отбасыларды азық-түлікпен қамту акциясы ұйымдастырылды.
12 отбасыға азық-түлікпен көмек көрсетіліп, қасиетті айда мұқтаж жандарды бір қуантып тастады.
Көмек алған отбасылар өз алғыстарын білдіріп, жүрек жарды тілектерін жеткізді.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі


22 Маусым 2026
6 Мухаррам 1448

