Ораза айт мерекесіне аман-есен жеткізген Алла Тағалаға сансыз шүкірлер мен мадақтар болсын. Сіздерді мұсылман қауымының ұлық, қастерлі мерекесі – Ораза айт мейрамының басталуымен құттықтаймыз. Айт мүбәрак болсын, ағайын!
Меркі ауданымызда 60-қа жуық зағип жандар тіркелген. Солардың көңілін көтеру мақсатында Ораза айттың бірінші күні Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлының басшылығымен аудандағы 10 отбасыға қайырымдылық жасалды. Ораза айт қоржынында күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік және тәттілер қамтылды.
Көмек алған отбасылар алғыстарын білдіріп, осы іс-шараға атсалысқан барлық азаматтарымызға баталарын берді.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



01 Мамыр 2026
14 Зуль-каада 1447

