Қордай ауданында ұлық мереке Ораза ат құрметіне тұрғындарға "Айт қоржыны" таратылды. Айт мейрамына деген сезім, сыйлық беріп қуанту мақсатында әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы, жалғызбасты 50 отбасыға азық-түлік пен қаржылай көмек үлестірілді.
Қордай ауданының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы шарада сөз сөйлеп, көпішілікті айт мерекесімен құттықтады.
Қайырымдылық шарасына жалпы 650 000 теңге қаражат жұмсалды. Жәрдем алғандар алғысын айтып, қуаныса тарқасты.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі