Тұрар Рысқұлов ауданының ауылдық мешіттерінде ауданның бас имамы Сұлтаншәріп қажының бастамасымен Ораза айт күні ауқымды қайырымдылық акциялары жасалды. Кейбір мешіттер пітір садақасынан түскен ақшадан қаржылай көмек, кейбір мешіттер азық- түліктей қайырымдылық жасаған болса, кейбір ауылдың азаматтары малдарының зекеттерін беріп, ораза айт мерекесі қарсаңында мұқтаж отбасыларды қуантты.
Ауыл имамдары осы қайырымдылыққа себепші әрі демеуші болған кәсіпкер азаматтарға және қарапайым халыққа алғыстарын білдіріп, хаққыларына дұға қылды.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіт баспасөз қызметі