#Шу: Ораза айында берілген зекеттің жөні бөлек

#Шу: Ораза айында берілген зекеттің жөні бөлек

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Асыл дініміздегі көп ескертілген амалдың бірі-зекет. Ол дүние-мүлкі нисап көлеміне жеткен әрбір мұсылманға парыз. Өйткені оның мал-мүлкінде міскіндердің хақысы бар. Аллаға көркем қарызы берген адам ахиретте алақаны бос қалмайды.

Жақында Шу ауданы Сауытбек ауылында кәсіпкер азамат 5 қой, 5 ешкі, 1 тананы зекет түрінде ауылдастарына берген болатын. Оған мешіт имамы Шаттық Қамаубаев куә болып, парызды орындаған және малды болған жандарға дұға етіп, ықылас қылды.

Сол секілді Жиенбет ауылының бір азаматы 4 бас қойды зекет қып, көпбалалы отбасыларға үлестірді. Сондай-ақ Алланың сынағына ұшырап ауыр науқас меңдеген Аяжан атты  қызға ауыл тұрғындары жұмылып 2 қой, 100 мың теңгені тарту етті.

Сонымен қатар Балуан Шолақ ауылдық «Қойайдар» мешітінің имамы Аян Байтұрғанұлының ұйымдастыруымен ауыл азаматы Ержан Маратұлы 5 отбасыға зекет түрінде қой беріп, көпбалалы және тұрмысы төмен жанұялардың жылы лебізіне бөленді.

Ораза айында берілген жөні бөлек жоралғыларды Жаратушы Иеміз қабыл етіп, разы болсын!

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: