Ағымдағы аптаның басында Шу ауданының бас имамы Бахтияр Амантайұлы Тараз қаласында болып, облыс әкімдігінің дін істері басқармасы ұйымдастырған семинарға қатысып қайтқан болатын.
Аталған семинарда теріс ағымдардың жетегіне кеткен мұсылмандарды діни оңалту тұрғысына қатысты мәселелер айтылып, тиісті мамандар ойларын ортаға салды.
Бахтияр Амантайұлы Шу ауданы бойынша атқарылған жұмыстарды қысқаша баяндап, өз пікірімен бөліскенін атап өткен жөн.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі