Тараз қаласына қарасты "Әзреті Әли" мешітінде пітір садақасы мен өзге де қайырымдылық үйшін жиналған қаражатқа жалпы 310 000 теңге азық-түлік алынды.
Мешіт имамы Қанат Жұмағұл жәрдем алуға келген көпбалалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға аталған азық-түлікті табыстап, шаңыраққа береке тілеп дұға жасады.
Үлкен қорапқа салынған азықтарды алған отбасылар алғыс білдіріп, үлген қариялар батасын берді.
"Әзреті Әли" мешітінің баспасөз қызметі



                                    04 Қараша 2025
                                    13 Джумада-авваль 1447

