#Шу: Көршілер татуласты

#Шу: Көршілер татуласты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Халқымызда «елдестірмек елшіден» деген дана сөз қалған.  Сол секілді асыл дініміз Исламда көршімен тату тұру керек, үш күннен артық реніш сақтауға болмайды деген қағидалар бар.  Ата-бабаларымыз жер дауына өте мұқият қарап, өгізді де өлтірмей, арбаны да сындырмай сындарлы шешім қабылдауға тырысқан.

Жуырда Шу ауданы Жиенбет ауылындағы 5 жылға созылған көршілер дауы шешіліп, көршілер құшақтасып, қол алысқанын осы ауылдың «Жиенбет Жексенбай» мешітінің имамы Шүкірәлі Бердібеков қуана хабарлап отыр.

Имамның араласуымен дауға нүкте қойылып, қос көрші арадағы ренішті ұмытуға бел байлады. Сондай-ақ дауға себепші болған жерге шекара сызылып, қазығы қағылды.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: