Меркі ауданына қарасты «Қарабала Төре» мешітінің имамы Қасымалиев Батырбектің ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айында «Рамазан қоржыны» атты қайырымдылық шарасы өтті.
Шара барасында 30 отбасыға күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік таратылды.
Имам өз сөзінде көмек алған отбасыларға шүкіршіл болуға шақырып «Ризыққа қауышқан адам көп шүкір етсін» деген Пайғамбарымыздың (с.а.с) асыл сөзін жеткізді.
Көмек алған отбасылар разы болып, ыстық ықыластарын жеткізді.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі