Жылына бір рет Рамазан айында келетін қасиетті қадір түнінің рухани салмағы орасан зор екені көпшілікке аян. Әйтседе, қалың бұқара қасиетті кешті ерекше ілтипат көрсетіп, ұлықтағанымен, Қадір түнінің тарихы мен мән-мағынасына терең үңіле бермейді. Алла Тағаланың кәләмі Құран Кәрімде қасиетті кеш хақында «Қадір» сүресінің бар екені белгілі.
Осы сүренің мән-мағынасын ашып, қадір түні туралы толыққанды мағұлмат берген "Қадір түнім - қасиетім" атты іс-шара ұйымдастырылды.
Кешті Айжан Шернияз Құран аяттарын оқумен ашты. Қордай аудандық әйел-қыздар секторының жауапты маманы Эльмира Есімқараева насихат жүргізіп, Рамазан - мейірім, кешірім, Құран айы екені турасында әсерлі уағыз айтты.
Сұрақ-жауап жасалып, нәпіл намаздар туралы ақпарат берілді. Рамазан бойы оқылып келе жатқан Құран хатымының дұғасы жасалып, көпшілік бірге Алланы еске алды.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі


05 Қараша 2025
14 Джумада-авваль 1447

