#Шу: Балалар біздің болашағымыз

#Шу: Балалар біздің болашағымыз

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Асыл дінімізде бала тәрбиесі туралы, бала көңілі туралы көптеген сөздер айтылған. Қамқорлық пен қолдауды, тәрбиені қажет ететін болашақтарымызға бас болуымыз қажет.

Жақында Бірлікүстем ауылдық мешіттің имамы Жетпісбай Әлімбеков мешітке келіп жүрген балаларға намаз туралы түсіндіріп, оның ішкі және сыртқы парыздары жайлы жеткізді. Балалар да білгісі  келген дүниелеріне имам аталарынан жауаптарын алды.

Сондай-ақ Шу қаласындағы «Кәрібай молда» мешітінің имамы Нұрлан Қалиев алқа мүшесімен бірге Төле би ауылындағы «Ақ қайың» санаториялық-балалар бақшасына барды. Мұндағы балаларға ойыншықтардан базарлық апарған меймандар балапандардың шат күлкісіне шомылып қайтты.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: