#Шу: Консул кеңесшісі ауызашарға қатысты

#Шу: Консул кеңесшісі ауызашарға қатысты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуырда Түркияның Алматыдағы консулының дін істері жөніндегі кеңесшісі Емрулла ҮЗҮМ  Шу ауданының Төле би ауылындағы «Төле би» мешітінде болып, жамағатпен бірге ауызашарға қатысты.

Апта бойы сапарлап жүрген консул кеңесшісі еліміздің оңтүстік өңірлерін аралап Алматыға қайтар жолда ауданымызға атбасын бұрған болатын.

Мешіт имамы Талғат Кәрібайұлы құрметті мейманды жергілікті жамағатқа таныстырып, арнайылап сөз кезегін берді. Көрген-түйгенін баяндаған Емрулла мырза үлкенін сыйлап, ерекше құрмет көрсеткен қазақ халқының бұл дәстүрі Ардақты Алла расулы (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қалдырған асыл сүннетінің бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар ол осы іс арқылы бақыт пен береке бөленетін боласыздар деп жамағатқа сөзін арнады. Сондай-ақ  консул кеңесшісі шулықтарды Рамазан айымен құттықтап, ұстаған оразалары мен  жасаған құлшылықтары қабыл болсын деп тілек білдірді.

Ауызашар соңында  Емрулла ҮЗҮМ мырза мешіт жамағаты үшін қасиетті Құранның ондаған данасы мен діни әдебиеттердің бірнеше парасын Талғат Кәрібайұлына табыстап,  өңірде қарилардың, ғалымдардың қатары көп болуына тілектестік білдірді. Өз кезегінде мешіт имамы да қонаққа ілтипат білдіріп, ізгі ниетін жеткізді.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: