#Шу: Мешітке көмек бергеннің мерейі үстем болады

#Шу: Мешітке көмек бергеннің мерейі үстем болады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мешіт- Алланың үйі, құтты орын. Оған жүрегі таза, сауапқа құмар адам жанашырлық жасап жүреді. Сондықтан әркім әлінше мешітке көмек бергені дұрыс. Бұл біздің мұсылмандығымыздың кәміл екенінен хабар береді.

Жуырда Шу ауданы «Әбу Бәкір» мешітінің жамағаты жиылып құлшылық үйіне дауыс  құрылғыларын алып, орналастырып берді. Барлығы 360 мың  теңге жұмсалған қаражатқа бірнеше дауыс күшейткіш, микрофон сынды уағыз айтуға, азан шақыруға арналған дүниелер жаңарып қалды.

Сол сияқты «Жиенбет Жексенбай» мешітінің жанашыр жамағаты Алла разылығын көздеп мешітке және көпбалалы отбасыға арнап отын дайындап берді.

Сонымен бірге Көкқайнар ауылының жастары ауылдық мешіттің қасбетін жаңа түске сырлап, Алла үйінің сәнін кіргізді.

Алла әрбір амалдарға разы болып, әжір сауаптан жазсын.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: