#Шу: Қайырлы істің қадамы тоқтамайды

#Шу: Қайырлы істің қадамы тоқтамайды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аллаға сансыз шүкірлер болсын! Рамазан айында сүйінші сұрарлық амал аз болмады. Мешіт имамдары  да, жамағат та қарап жатпай сауаптар еселенетін айда барынша әрекет жасауда.

Жақында Шу ауданы Қант зауыты мөлтек ауданындағы «Әбу Бәкір» мешітінің имамы Бақыт Нұрлыханов  қайырымдылық мақсатта ірі қара малы сойылғанын мәлімдеді. Сондай-ақ өзі бас болып соның етін ондаған аз қамтылған отбасыларға таратып, алғыстарын алды.

 Сол секілді Бірлікүстем ауылдық мешітінің имамы Жетпісбай Әлімбеков 1 қой сойылғанын, 6 әлеуметтік аз қамтылған отбасы етпен қамтылғанын қуана жеткізді. Онымен қоса ауыл азаматы 1 бас қойды зекет ретінде ауылдасына бергенін білдірді.

Сондай-ақ Жаңажол ауылдық «Күнту баба» мешітінің имамы Берік Әуесбаев та 1 бас ірі қара сойылып, 15 тұрмысы төмен отбасы етпен қамдалғанын хабарлады.

Мұндай бағыттағы жұмыстар осымен бітпесі анық.  Алла жазса ақжолтай жаңалықтарды жаңылмай жаза беретін боламыз.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: