#Шу: Алла әмірін артық көрген ақтөбеліктер

#Шу: Алла әмірін артық көрген ақтөбеліктер

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Қасиетті Құранда «намаз оқып, зекет бер» деп жан мен тәннің құлшылығын қатар атаған аят көп. Сан рет естігенімен құлақ асқандар аз. Алайда қолындағы мал-мүлікті Алла жолына беретін жандарды көргенде еріксіз сүйсінесін.

Жуырда Шу ауданы Ақтөбе ауылындағы «Жылғабек» мешітінің имамы Әбусейіт Қоспанов қуанышты жаңалықты жеткізді. Оны естіп жүрегіміз елжірегені сөзсіз.  Он екі айдың сұлтаны болған Рамазан айында ақтөбеліктер зекет беруден алдыға озды десек болады.

Бір айдың ішінде  2 ірі қара, 1 тай, 17 бас уақ мал зекет ретінде ауылдағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көлемді қылып берілді.  Қорасына мал біткен ақтөбеліктер ауылдастарының өмірлеріне, кәсіптеріне береке тілесіп, Алла Тағаладан көп жақсылықтар сұрады.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: