Облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде Жамбыл облысының әйел ұстаздарына арналған семинар өтті. Жиынды ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев ашып берді.
Өңірдегі Әйел-қыздар секторының жетекшісі Нұргүл Алиханқызы сөз сөйлеп, қоғамдағы теріс ағымды ұстанып жүрген қыз-келіншектердің негізгі мәселелеріне тоқталды.
Жат ағым бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жүрген спикерлер бұл бағыттағы қыз-келіншектермен қалай сөйлесу керек, дұрыс ақпараттарды жеткізе білу, олардың психологиясы мен адасқан тұстарын тізіп берді. Ұстаздарға теріс бағытты ұстанушы шәкірттер арасында кездескен жағдайда қалай насихат жасау керек жолы да түсіндірілді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі