Әйел ұстаздарға облыстық көлемде семинар жасалды

Әйел ұстаздарға облыстық көлемде семинар жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ Әйел-қыздар секторының Жамбыл облысындағы ұстаздарының ұйытқы болуымен "Құран және сүннет салауатты өмір салтының негізі" атты семинар өтті. Іс-шараға облыстың барлық әйел ұстаздары қатысты.

"Ар Рахман ар Рахим" мешітінде жасалған  жиын осы мешіттің ұстазы Зора Айдарова мен Байзақ аудандық "Байзақ Баба" мешітінің ұстазы Жаннат Кушербаеваның ұйымдастыруымен іске асты. 

Семинарды "Ар Рахман ар Рахим" мешітінің имамы Абдууарис Шахафутдин құттықтау сөздерімен ашып берді. Ұстаздарға қасиетті Құрандағы емделу әдістері мен Мұхаммед пайғамбардың медицинасы туралы презентация ұсынылды. Сонымен қатар қонақтарға ұйымдастырушылар атынан сыйлықтар табыс етіліп, өзекті тақырып жайлы мол мағұлматтар берілді. 

Қатысушы ұстаздар семинардан пайдалы дүниелермен қатар ерекше әсер алғанымен бөлісті.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: