Тұрар Рысқұлов ауданына қарасты Әбжаппар ауылдық «Әбдіжаппар» мешітінің имамы Кикбаев Ғалымжанның бастамасымен мешіт жамағатына муфтияттың рамазан айына байланысты тапсырмасына сәйкес «Шарапатты Рамазан қоржыны» таратылды. Бұл қайырымдылық акциясында шарапатты рамазан қоржындары мешіт жамағатынан 20 адамға үлестірілді.
Құран Кәрімде Алла Тағала:
لَّيْسَ عَلَيْكَ هُدَاهُمْ وَلَـٰكِنَّ اللَّهَ يَهْدِي مَن يَشَاءُ ۗ وَمَا تُنفِقُوا مِنْ خَيْرٍ فَلِأَنفُسِكُمْ ۚ وَمَا تُنفِقُونَ إِلَّا ابْتِغَاءَ وَجْهِ اللَّهِ ۚ وَمَا تُنفِقُوا مِنْ خَيْرٍ يُوَفَّ إِلَيْكُمْ وَأَنتُمْ لَا تُظْلَمُونَ
«(Ей, Мұхаммед!) Оларды тура жолға салуға сен жауапты емессің. Алла қалаған пендесін өзі тура жолға салады.Қайыр – садақа ретінде не берсеңдер де өздерің үшін (жақсы болады). Не берсеңдер де, тек Алланың разылығы үшін берулерің керек. Ізгілік жолында не жұмсасаңдар да, соның бәрі өздеріңе толық қайтарылады және сендер әділетсіздіккке ұшырамайсыңдар (яғни, сауаптарыңды толық аласыңдар)».
Әрбір иманды жанның осы аяттан алатын ғибратты да, ізгілікке жол көрсететін өнегесі де баян етілген. Бұл жайында қазақ халқының салт-дәстүрінің сонау белестерінде де көптеп айтылған.
Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің, - демекші қандай қайырымды істер жасасаң да барлығы өзің үшін деп ата-бабамыз да айтып кеткен.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіт баспасөз қызметі