#Т.Рысқұлов: ОРАЗА – ИХСАН КӨРІНІС

#Т.Рысқұлов: ОРАЗА – ИХСАН КӨРІНІС

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Тұрар Рысқұлов ауданына қарасты ауылдардағы мешіттерде ораза тұтқан жамағатқа ауызашарлар берілуде. Қасиетті Рамазан айындағы ауызашарлар кейбір мешіттердің маңындағы асханаларда беріліп жатыр. Ауызашар дастархандарына имамдар шақырылып, жамағатқа Рамазан айының артықшылығы, оразаның сауабы сияқты тақырыптарда уағыз – насихат жасалуда.

 «Расулулла (ﷺ) айтады: «Оразашыны тамақтандырған ораза ұстағанның сауабын алады. Әрi бұл ораза ұстаушының сауабы кемiтiлмейдi» (Хадисті Зәйд ибн Халис Әл-Жүһәниден (р.а.) Имам Ахмад, Имам Тирмизи, Имам Ибн Мажә, Имам Ибн Хиббан және Имам Табарани риуаят етті).

Рамазан айындағы парыз оразаға келер болсақ, бұл оразаны барлық мұсылман ұстауы тиіс. Ораза ұстамастан бір емес, бәлкім мың ауызашар жасасын, ол парыз оразаның бір мезетін де толтыра алмайды.       

 Қуаныш Түзелбеков 

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: