Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің ұстазы Есбол Алпысбаев намазға жиналған жамағатқа «Исламдағы амалдар» турасында уағыз-насихат жүргізді.
«Исламда әрбір балиғат жасына толған қыз және ұл балаларға Алла Тағаланың бекіткен парыздары жүктеледі. Олар парыз, уәжіп, сүннет, мұстахап, мәндүп, харам, мәкрүһ және мүфсид амалдар» - деп, әрбір амалдарды түсіндіріп берді.
Уағыз соңында намаз оқылып, дұға жасалып тарқасты.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі